Сұрақтар және жауаптар

Еңбек құқығы және еңбек даулары

Ассалаумалейкум!

Аты-жөнім Молдабеков Абай Бисенбаевич, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы тұрғынымын. Отбасылы, 5 балам бар. Жұбайым үй қызметінде, бір баламның мүгедектігіне байланысты соның күтушісі.

Ответ: 

Сіздің өтінішіңіз бойынша Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметіне сәйкес (бұдан әрі - Басқарма) «Вест-Дала» ЖШС-іне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, төмендегідей мән-жай анықталған.

         Маңғыстау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2018 жылдың 28 тамыздағы шешімі бойынша – жеке дара кредиторы болып табылатын Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының өтініші қанағаттандырылып және «Вест Дала-Маңғыстау» ЖШС-гі банкрот болып табылған. Соттың шешімі 2018 жылдың 24 қазанында заңды күшіне еніп, қарызгер-банкротқа қатысты банкроттық рәсімі енгізілген. Маңғыстау облысы бойынша кірістер Департаментінің 2018 жылдың 15 қарашасындағы № 720 бұйрығымен банкроттық басқарушы болып аз. Узакбаев Уразбек Сактаганович тағайындалған.

         Сол себепті, Сізге «Вест Дала-Маңғыстау» ЖШС-не қатысты сұрақтарыңызды шешу үшін, «Оңалту және Банкроттық туралы» Заңы негізінде уақытша басқарушыға жүгіну қажеттілігі туралы Басқарманың 06.02.2019-ғы № 04-02/224 шығыс хатымен түсіндірілген.

         Сонымен бірге, «Вест Дала-Маңғыстау» ЖШС-де 2016 жылдың мамыр айында өзіңізбен болған оқиға бойынша, сол уақытта директор лауазымын атқарған А. Сұлтановтан түсініктеме алынып, «Қошанай» кешенінде Сізбен оператор Т.Телекбаев араңызда қақтығыс орын алған. Бұл орайда, Т.Телекбаев өз еркімен жұмыстан шығып, ал Сіз өз жұмысыңызды жалғастырғансыз, яғни денсаулығыңызға зиян келтіру фактісі болмаған. Серіктестік директорының түсініктемесіне сәйкес, аталған оқиғадан кейін Сіз өз жұмысыңызды жалғастырып атқарғансыз және де серіктестікке еңбекке жарамсыздық фактісі туралы құжат тапсырмағандығыңыз анықталған.

         Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 1 бабы 1 тармағы 61) тармақшасына сәйкес өндірістік жарақат – жұмыскердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттіліктен айырылуына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы болып табылады және де Кодекстің 186 бабына сәйкес жұмыскерлердің еңбек қабілетсіздігіне әкеп соққан денсаулығының зақымдануы жағдайлары тергеп-тексерілуге жататындығы қарастырылған. Сол себепті, өзіңізбен және Т.Телекбаев араңызда болған қақтығыс салдарынан зақымның орын алмауынан тергеп-тексеру жүргізуге негіз жоқтығы түсіндірілген.

         Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 1 бабы 1 тармағы 16) тармақшасына сәйкес, еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктер еңбек дауы болып табылады.

Бұл орайда, жұмыс берушімен өзіңізге қатысты қолданған тәртіптік шараның тәртібімен келіспеуіңіз, жаңадан ұсынылған лауазыммен келіспеуіңіз, ұжымдық шарт жасасу және т.б. жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту  бойынша мәселелеріңізді шешу үшін, Сізбен жұмыс беруші араңыздағы еңбек қатынастары заң аясында бұзылмағанын ескере отырып, Кодекстің 159-160 баптарына сәйкес келісу комиссиясына жолығуға кеңес берілген.