2019 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы

 «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай көрсеткіштер белгіленген:

 Айлық есептік көрсеткіш мөлшері (АЕК) -2 525 теңге;

 Зейнетақының  ең төмен мөлшері 36 108 теңге;

 Мемлекеттік базалық  зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері16 037 тенге;

 Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері -29 698 теңге.

 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен 7% арттыру жүргізіледі.

          2019 жылда жаңадан тағайындалатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс айлық есептік көрсеткіштің 46 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (116 150 теңге).

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып арттырылады.

            Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшері, соның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын және түзету мекемелеріндегі тұлғаларға «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңының 12 және 16 баптарында көрсетілген мөлшерде белгіленеді.

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала күтіміне  берілетін ай сайынғы жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, көп балалы анаға берілетін жәрдемақы, сонымен қатар, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға және саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің көбеюіне байланысты арттырылады.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына, қорғаншысына) және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы мөлшерлері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып арттырылады.

Бала туылғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері төртінші балаға дейін 95 950 (38*АЕК) теңге, ал төртінші баладан жоғары 159 075 (63*АЕК) теңгеге дейін, сондай-ақ  бала бір жасқа толғанға дейін  күтіміне берілетін  ай сайын төленетін жәрдемақы мөлшері:

бірінші балаға-14 544 (5,76 АЕК) теңге;

екінші балаға- 17 196 (6,81 АЕК) теңге;

үшінші балаға- 19 822 (7,85 АЕК) теңге;

төртінші балаға- 22473 (8,90 АЕК) теңгені құрайтын болады.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілеттілігінен айрылуына байланысты, асыраушысынан айрылуына байланысты  әлеуметтік төлемдер мөлшері 5-%-ға арттырылады.                   

                                    

 

Еңбек, әлеуметтік қорғау

 және көші-қон комитетінің

 Маңғыстау облысы бойынша

 департаменті

ТіркемеКөлем
Image icon PHOTO-2019-01-04-17-37-54 (1).jpg26.72 KB