Халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізу

Маңғыстау облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің ұйымдастыруымен әлеуметтік саладағы Заңдарының жаңа өзгерістері мен толықтыруларын халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мобильді топ ү.ж. 01 тамызында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутин, Қызыөзен ауылдарын аралады. Шара барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ,  Маңғыстау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы мамандары тарапынан зейнетақыға, мүгедектікке қатысты, атаулы әлеуметтік көмек, бала тууға және оның күтіміне, жұмыстан айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлемдер және басқа да жәрдемақылар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың сұрақтарына толықтай жауап берілді.

Қазақ