БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ашық есік күнін» өткізді.

Күннің басты тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз». Қазір – бұл зейнетақы жинақтары саласындағы ең жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Қор мамандары келешекте салымшыларды қандай артықшылықтар мен бонустар күтіп тұрғанын айтып берді.

Аталған іс-шараға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті де қатысты.

Ниет білдірушілердің барлығы басты күн тәртібі бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесінің қызметі мен жеке салымдарға қатысты басқа тақырыптар бойынша да жауап ала алды.

Қазақ